Жетекшісі: Гүлжан Баймағамбетова
Студия 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және елордамызда танымал. Оның көптеген түлектері Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Ресей, Қазақстандағы көркемсурет университеттерін бітірген.
Оқушылар сарайында студия 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Оған 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатысады. Үйірме сабақтары Гүлжан Баймағамбетованың "Бейнелеу өнері сабақтарындағы бейнелеу өнері техникасының түрлері" авторлық бағдарламасы негізінде кескіндеме, графика, композиция, дизайн бағыттары бойынша өтеді.
Балалар әр түрлі көркем материалдармен (акварель, гуашь, акрил және майлы бояулар, қарындаштар, пастельдер) сурет салуды, бейнелеу әрекетінің дәстүрлі емес әдістерін (ниткография, бляшкография, монотапия, точкография, апельсинмен сурет салу, коллаж жасау) қолдануды үйренеді.
Үйірме тәрбиеленушілерінде дербестік, ұқыптылық, жұмысқа шығармашылық көзқарас қалыптасады, моторика, жазу жақсарады, математикалық ойлау қабілеті дамиды, өнер туындыларын тереңірек түсіну, қоршаған әлемнің сұлулығын көру қажеттілігі мен қабілеті дамиды.
Оқушылар қалалық, республикалық және халықаралық көрмелерге белсенді қатысады. Жыл сайын ҚР-дағы Жапония елшілігімен бірлесіп мастер-кластар өтеді. Гүлжан Баймағамбетова көптеген дипломдар, сертификаттар, сондай-ақ білім басқармасы мен ҚР БҒМ алғыс хаттары мен грамоталарының иегері.

Қосымша ақпарат
- Айлық құны (тг): 8 000
- Телефон: +7 7172 32 49 89, +7 7172 28 54 60
- Аудитория: 102
- Киім, жабдықтар: альбомдар, күнделік, алжапқыш
- Сабақ кестесі:
ПН | ВТ | СР | ЧТ | ПТ | СБ | ВС |
---|---|---|---|---|---|---|
1030 – 1200 1300 – 1430 1500 – 1630 | — | — | — | — |