2026 жылдың 10 сәуірі «Шаттық-2026» қалалық байқауының «Хореография» жанры бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. ? Өнер мен еңбектің тоғысқан бұл тағылымды кеші көрерменге ерекше әсер сыйлап, жас таланттардың жетістіктерін айшықтай түсті. ? Сахна төрінде би өнерінің сан қырын шебер меңгерген дарынды ұжымдар мен өнерпаздар лайықты құрметке бөленіп, олардың шығармашылық табыстары әділ бағаланды. Әрбір қойылымнан терең ізденіс, кәсіби шеберлік пен сахналық мәдениет анық байқалып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. ? Байқау қорытындысы бойынша: ? 16 — Алтын жүлде ? 20 — Күміс жүлде ? 20 — Қола жүлде ? 48 би ұжымы — Дипломмен 23 би ұжымы — Сертификатпен марапатталды Бұл марапаттар — жас дарындардың табанды еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жарқын жемісі. Осындай байқаулар өскелең ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына да зор ықпал етеді. ✨ «Шаттық» байқауы — өнерге құштар таланттардың қанатын кеңге жайып, шабытын шыңдап, жаңа белестерді бағындыруына жол ашатын ерекше шығармашылық алаң. Бұл жоба жыл сайын жаңа есімдерді танытып, мәдениет пен өнердің дамуына өз үлесін қосып келеді




Балалар мен жасөспірімдер арасындағы XIX «Шаттық-2026» қалалық байқауы өз бастауын алды! 2 сәуір күні байқаудың алғашқы кезеңі вокал (соло және ансамбль), аспаптық орындау (соло), бейнелеу өнері, фотосурет және театр номинациялары бойынша алғашқы өнерлерін көрсете бастады. Дарынды өнерпаздар өз шеберліктерін шыңдап, шығармашылықтарын көпшілікке паш ететін бұл байқау — жас таланттардың үлкен сахнаға жол ашатын маңызды алаң. «Шаттық-2026» — шабыт пен өнердің мерекесі! Қатысушыларға сәттілік тілейміз!




2026 жылғы 3 сәуірде «Шаттық” байқауының екінші күні өтті. Қатысушылар өз шеберліктерін келесі номинациялар бойынша көрсетті: аспаптық орындау (ансамбль және жеке), театр өнері және вокал (жеке орындау). Байқау елорданың дарынды балалар мен жасөспірімдерін біріктіріп, оларға өз қабілеттерін көрсетуге, шығармашылық потенциалын ашуға және кәсіби әділқазылардан лайықты бағасын алуға мүмкіндік берді.




«Шаттық» фестивалінің төртінші күні — ең жарқын әрі ең әсерлі күндердің бірі. Бүгін «Хореография» номинациясы өттіі.Бұл - энергия, қозғалыс және нағыз сахналық сиқыр. Бағдарламада халықтық және халықтық-стильденген билер ұсынылды. Сол арқылы дәстүр, мінез және халықтың жан дүниесі көрініс тапты. Әрбір қойылым — пластика, ырғақ пен сезім тілі арқылы баяндалған бір тарих. «Шаттық» фестивалі тағы да хореографияның жай ғана өнер емес, ол жүректерді біріктіретін ерекше тіл екендігін дәлелдеді.






