Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов

Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов

Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов
Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов

Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов 1919 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Киров селолық советінде қазіргі Үшарал ауылында туған. Қарқаралы педагогикалық техникумын бітіріп, алғашқылардың бірі болып туған ауылы Үшаралда мұғалім болып істеді. 1939 жылы Қызыл армиясына қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы сәуір айынан бастап қатысты. Волга мен Орел түбінде соғысып, Зуш, Десна, Сож, Днепр, Друть, Березин өзендерінен өтті. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Қазыбек Нұржановтың көзсіз батырлығын және тапқырлығын бағалап, оған барлау взводын басқаруды тапсырды. Друть өзеніне өтерде олар жаудың оғы астында бола тұрып, барлау жүргізіп, дұшпан танктерінің шабуылын тойтаруға жағдай туғызған бағалы мәліметтер жеткізді.

 Соғыс барысында ол жауынгерлік ерлігі үшін "Қызыл Ту", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендері және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. 1944 жылдың жазында Кеңес әскерлері Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі екі жарым мың шақырымды алып жатқан алапта қарсы шабуылға шығады. 2 Беларусь фронты 3 армия 40 атқыштар корпусы 5-ші Орлов атындағы атқыштар дивизиясы 61-ші жеке танкіге қарсы истребитель дивизионы қатарындағы Батыр бабамыздың барлаушылар взводы Батыс Беларусь жерлерін жау қолынан азат етуге қатысады. Осы аралықта ол Дубова, Городище, Красно-Сергевск, Орел қалалары үшін болған қанды шайқасқа қатысады.  

Неман және Молчадь өзендерін аралай басып алған 2 Беларусь фронтының жауынгерлері Волковыск-Белосток бағытында шабуылға шығады. 14 шілде