Бекенов Әмірбек
Ұлы Отан соғысының ардагері , ұлағатты ұстаз Бекенов Әмірбек 1923 Жылдың 15 маусымында Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Ағайдар ауылы іргесіндегі Нұржан өткелінің бойындағы ата - бабалар қонысында дүниеге келген . Алғашқы мектеп табалдырығын Қарасу бастауыш мектебінен аттаған . 1942 жыл мен 1947 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтей отырып , 1941 - 1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысында және фашистік басқыншылармен жеңіс туын желбіреткеннен кейін 1947 жылға дейін жапон империалистеріне қарсы әскери шабуылдарға қатысып , ерлік көрсетті . Сұрапыл соғыс майданында Әмірбек Бекенұлы бірнеше рет жараланып , әскери госпитальде емделіп шыққан соң , қайтадан майдан шебіне аттанды . Әмірбек Бекенұлының ерлігі мемлекет тарапынан бірнеше марапаттарға ұсынылды . Дәлірек айтар болсақ , «За отвагу» , «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 г .» «Орден степени отечественной войны» . «За взятие Кенигсберга» , «За победу над Японией» . «Сорок лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 года» , «60 лет Вооруженных сил СССР» . «70 лет Вооруженных сил СССР» медальдарымен марапатталды . Фашистік басқыншылырға қарсы соғыстағы Әмірбек Бекенұлының ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі , өнеге . Сұрапыл соғыстан оралған майдангер Әмірбек Бекенұлы 1950 жылы анамыз Смаилова Күлімжанмен отбасын құрып , 10 ұрпақ тәрбиелеп өсірді . Бүгінгі таңда ардагер ұстаз атамыздан тараған ұрпақ еліміздің түкпір - түкпірінде қызмет жасауда . Елге оралғаннан кейін Ә. Бекенұлы өз қалауымен ұстаздық жолын таңдады . 1951 жылы Н. Байғанин атындағы Ақтөбе мемлекеттік институтының Жаратылыстану - география факультетіне түсіп , 1954 жылы жоғары білімді маман ретінде аяқтады . Еңбек жолын сол кездегі Торғай облысының негізгі орта мектептерінде ұстаздық жолымен жалғастырды . Ә. Бекенұлы өзінің қажырлы еңбегінің арқасында СССР Жоғарғы Кеңес Президиумының шешімімен көп жылғы өнегелі еңбегі үшін 1985 жылы «Ветеран Труда» медалімен наградталды . Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсенді азамат 1988 жылы Торғай облысы Амантоғай ауданы селолық Советінің депутаты болып сайланды . Ә. Бекенұлы 1983 жылы зейнеткерлікке шықты . Жары Күлімжан анамызбен бірге тараған ұрпақтың қызығын көріп , немере сүйді . 35 жыл ұстаздық қызмет жасаған Ә. Бекенұлы ұл - қыздарына ұлағатты тәрбие бере алды . Өз балаларына ғана емес , барлық шәкірттеріне үлгі болды . Ағайынның , елдің бетке ұстар азаматы Ә . Бекенұлы 1992 жылы қазан айында дүниеден өтті.