Бекбосынов Аман

Бекбосынов Аман (1916-1997)

Бекбосынов Аман
Бекбосынов Аман

Аман ата 1916 жылы Cемей облысы Шұбартау ауылында туылып, 1997 жылы дүниеден кеткен.

Зооветеренарлық техникумды бітіріп, Алматыдағы зооветеренарлық  институтты тәмамдаған. Оның өмір бойы оқуға деген талпынысы балаларына да берілген. Қазіргі таңда барлық балалары мен немере-шөберелері жоғары білімді.

Ол 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Прибалтикада әскери борышын атқарып жүргенде, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, сол жақтан майданға аттанған.

Аман ата Ұлы Отан соғысына қатысып, Белорусь майданында соғысып, жаяу әскер болып, жарты Еуропадан өтіп, Варшава қаласына дейін жеткен. 1943 жылы оң иық пен қол білезігінің сүйектерінің  жарақатын алып, Мәскеу госпиталінде, одан кейін Омбы қаласында емделген. Соғыс Ұлы жеңіспен біткеннен кейін аман-есен туған жеріне оралған. Отан соғысының ардагері деген құрметті атағын алған. Көптеген Отан соғысының ордендерімен және медальдармен наградталған.

Соғыс басталар алдында  Аман ата Әсия әжемен отбасын құрып үлгерген болатын. Атамыздың отбасында сегіз бала, олармен бірге Белорусиядан келген жетім қалған Мәрия атты қыз бала және ашаршылық кезінде Қытайдан қашып, қоңыс аударған кәріс баласы Ли және қытайлық жасөспірім Жан Шай О атамыздың қолында өсіп тәрбиеленген. Сондықтан атамыздың отбасын интернационалдық отбасы деп атауға болады.

Көп жылдар бойы Аман ата совхоз директоры болып жұмыс істеген. Өмір бойы талай адамдарға қолын созып, көмегін аямай, Отаны мен халқы үшін аянбай жұмыс істеп келген үлен азамат болатын.

Аман атамызды әрқашан мақтан тұтамыз!