Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Құрдастары арасындағы «Ел тағдыры – ер тағдыры» қалалық video-stories жобасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Құрдастары арасындағы «Ел тағдыры – ер тағдыры» қалалық video-stories жобасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Осы ереже Қазақстан Республикасы Құрдастары арасындағы «Ел тағдыры – ер тағдыры» қалалық жобасының (әрі қарай - Жоба) мақсат, міндеттерін, ұйымдастырылу ретін анықтайды.
I.2. Мақсаты – қоғамдық пайдалы шаралар бойынша шығармашылық шыңдауды таныту арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға және халықты азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған бірыңғай мәдени-ақпараттық қалалық кеңістікті қалыптастыру.
I.3. Міндеттері:
I.3.1. өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының айтулы тарихи
күндерін құрметтеуге, тарихи мұраны сақтауға тәрбиелеу;
I.3.2. қала тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
I.3.3. рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиені жаңғырту
I.3.4. өз халқы мен елінің жетістіктерін мақтан тұтуға және құрметтеуге
тәрбиелеу;
I.3.5. бірлескен отбасылық шығармашылықты насихаттау;
I.3.6. өз елі мен халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
I.3.7. отбасылық тәрбие үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көбірек
әкелерді тарту.

II. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

II.1. Жобаның ұйымдастырушылары Нұр-Сұлатан қаласы әкімдігінің М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы
II.2. Жобаны ұйымдастырушылар қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, осы Ережеде мәлімделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді, жобаны жүргізуді, жобаны бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жария етуді жүзеге асырады.
II.3. Жоба қатысушылары: ҚР Тәуелсіздігінің құрдастары болып келетін белсенді әкелер (1991 жылы туған). Бейнесюжетке бас кейіпкердің отбасы өкілдерінің, әріптестерінің, білім беру ұйымдары оқушыларының қатысуына жол беріледі. Бір бейнероликте максималды түрде үш Тәуелсіздік Құрдасының оқиғасы баяндалуына рұқсат етіледі.

III. ЖОБАНЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

III.1. Жоба үш кезеңнен тұрады:
III.1.1. 1 кезең - елорда әкелер кеңесінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Құрдастары арасындағы «Ел тағдыры- ер тағдыры» video – stories жобасының басталуы. Бастау 20 ақпан 2021 ж. Ұйымдастыру комитеті келіп түскен бейнероликтерді М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында жариялайды.
III.1.2. 2 кезең - ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ) бейнероликтер мен қатысуға өтінімдер қабылдау: 2021 жылдың 16 ақпанынан 1 наурызына дейін. Ұйымдастыру комитеті жобаның мерзімін реттеу құқығын өзіне қалдырады.
III.1.3. 3 кезең - білім беру ұйымдарының ұжымдарын қатысқаны үшін грамоталармен марапаттау – 2021 жылғы 20 наурыз. Марапаттау мерзімін ұйымдастыру комитеті өзгерте алады.

IV. ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

IV.. Әрбір білім беру ұйымы бір әлеуметтік ролик ұсынуы тиіс, оның мазмұнында ҚР Тәуелсіздігінің құрдасы тұлғасының қалыптасу тарихының сюжетін көрсету қажет.
IV.2. Басты кейіпкер ҚР Тәуелсіздігінің Құрдасы болуы керек. Бір видеода сіз бір немесе бірнеше қатысушының тарихын ұсына аласыз (үштен артық емес).
IV.3. Video-stories тек қана қатысушының туғанынан бастап, 30 жылдығына дейінгі өмірбаянынан ғана құралмауы тиіс. Яғни, ҚР Тәуелсіздігімен
Құрдас табысты тұлғаның қалыптасу тарихын – оның жеке және кәсіби жетістіктерін, әл-ауқатын және ертеңгі күнге деген сенімді көзқарасын осы Video-stories арқылы ұсыну қажет. Өз Отанының нағыз патриоты ретінде ие болған 30 жылдағы 30 маңызды жеке жетістіктерін көрсетуге болады.
IV.3.1. Аяқталмаған ойлардың тізімі ұсынылады, осы ойды қатысушы
бейнесюжеттің мазмұнында өз пікірінше аяқтауы тиіс:
  • Мен еліміз үшін атаулы жыл болған 1991 жылы дүниеге келдім ...
  • Елімнің тарихы – менің өмірімнің тарихы, себебі ...
  • Мен өз еліме алғыс айтқым келеді, себебі ...
  • Патриот дегеніміз ...
  • Менің Қазақстаным, сен ...
  • Балаларымның болашағы ...
IV.5. Бейнеролик ұзақтығы 1-3 минут.
IV.5. Міндетті талап-бейне дизайны: бірінші кадрда ұйымдастыру комитеті ұсынған жобаның ресми баннері болуы керек. Баннерді мына сілтеме бойынша жүктеуге болады: Баннерді жүктеу. Жобаның ресми баннерінен кейін білім беру ұйымының логотипі болуы тиіс.

IV.6. Video-stories мазмұны аудиторияның жас деңгейін ескере отырып, жарнамалық немесе үгіт-насихаттық сипатта болмауы керек. Ұйымдастыру комитеті жоба Ережесінің тармақтарын бұзатын бейнелерді жарияламауға құқылы.
IV.7. Бейнероликтер #ЕлТағдырыЕрТағдыры_ЕлордалықӘкелерКеңесі хэштегі арқылы әлеуметтік желілерге жүктеледі.
IV.8. Бейнеролик МР4 форматта сақталуы тиіс.
IV.9. Мобильді құрылғылардан түсірілген бейнероликтер қатаң түрде
көлденең орналасуы керек.
IV.10. Өтініш қатаң түрде үлгі бойынша (1-қосымша) толтырылып, грамоталарды дұрыс толтыру үшін ҚР Тәуелсіздігінің Құрдастарының және қатысушыларды дайындаумен айналысатын жетекшінің аты- жөнін жеке басты куәландыратын құжаттарына сай жіберу қажет. Ұйымдастыру комитеті білім беру ұйымының өтінішісіз бейне жұмысты қабылдамайды.

V. БЕЙНЕРОЛИК КОНТЕНТІНІҢ КРИТЕРИЙІ

V.1. Жобаның мазмұны тақырыпты аша білуі;
V.2. Сюжеттің өзіндік ерекшелігі;
V.3. Шығармашылық тәсіл;
V.4. Жобаға қатысу шарттарының барлық тармақтарын орындау;
V.5. Үздік бейне жұмыстары Ұйымдастыру комитетінің мақтау
қағаздарымен марапатталады.

ҚОСЫМША 1

(Нұр-Сұлтан қ. білім мекемесінің атауы)
«Ел тағдыры – ер тағдыры» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
Құрдастары арасындағы video-stories қалалық жобасына қатысуға

ӨТІНІШ
Жобаның атауы
ҚР Тәуелсіздігі Құрдастарының саны
Жобаға қатысушының аты-жөні немесе отбасының тегі
Бейнеролик ұзақтығы (минут)
Жауапты жетекші
Байланыс телефоны
Мектеп директоры
Мөрі


Мен,__________________________________________________________
ұсынылған дербес деректерді пайдалануға өз келісімімді беремін
_____________
(қолы)