20 қараша- Дүниежүзілік балалар күні. Бұл мереке Қазақстан 1994 жылы ратификациялаған 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылдануы құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Бұл күн жай ғана мереке емес, Балалар әлемі мен ересектер әлемі арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған күн.
Нұр-сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының Елордалық әкелерінің кеңесі М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайымен бірге еліміздің ең кішкентай тұрғындары үшін әсерлі және мағыналы бейне-құттықтау дайындады. Бейне-құттықтаудың шынайы, ізгі тілегі жылулық пен ілтипатқа, қамқорлыққа толы болды. Өміріміздің ең құнды сыйы - балаларымыз үшін тірек пен қорған болып жүрген осы әкелер, ер адамдар қауымы екені белгілі.
Бұл бейненің мақсаты – қала мектептерінің ең белсенді әкелерін жаһандық ынтымақтастық идеясы үшін және бақытты балалық шақ үшін әлеуметтік маңызды оқиғаларды қолдау төңірегінде біріктіру болды. Жобаға №58, 59, 81,42, 67, 73, 66,38, 3,6,16,19,22,30,10,15,28, 78 мектептер қатысты.