"Ұрпақ. Диалог. Шексіз достық"

"Ұрпақ. Диалог. Шексіз достық"
2021 жылғы 2 сәуірде қашықтықтан ұйымдастырылған "Ұрпақ. Диалог. Шексіз достық" атты екіжақты халықаралық жастар кездесуі өтті.  Кездесуге Нұр-сұлтан қаласының Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының көшбасшылары және Санкт-Петербург қалалық жастар шығармашылығы сарайының көшбасшылары қатысты. Талқылаудың негізгі мәселелері құндылық бағдарлары, адамгершілік ұстанымдары, мәселелер және оларды жас ұрпақтың көзімен шешу жолдары болды. Бейресми диалог барысында кездесуге қатысушылар мұндай жобалардың маңызы өзекті екенін бірауыздан қолдады. Спикерлер бірлескен шығармашылық және білім беру іс-шараларын әзірлеу және іске қосу, әртүрлі бағыттар бойынша бірлескен жастар кездесулерінің санын арттыру қажет деген пікірге келді.