"Ұлы дала – ұрпағы" атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған IV Республикалық байқауы
2020 жылдың 7 ақпаныңда М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында "Ұлы дала – ұрпағы" атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған IV Республикалық байқаудың қалалық кезеңі өтті.
2020 жылдың 7 ақпаныңда М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында "Ұлы дала – ұрпағы" атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған IV Республикалық байқаудың қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеттері ұлттық – патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан халықтарының салт - дәстүрлерін құрметтеу, жоғары адамгершілік патриоттық мақсаттары мен міндеттері ұлттық-патриоттық сезімдерді нығайту. Байқаудың ережесіне сәйкес бірінші кезең аймақтық деңгейде өтті. Әр облыстар мен қалалардан 70-тен астам ұжым қатысты: Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Қызылорда, Маңғыстау облысы (Ақшұқыр кенті), Батыс Қазақстан облысы (Подстепный кенті). Қалалық деңгейде Елорданың білім беру ұйымдарынан 40 шығармашылық ұжымы қатысты. Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша байқаудың мәресіне "Есіл", "Сарыарқа", "Алматы", "Байқоңыр" аудандарының білім беру ұйымдары арасынан І орын алған жеңімпаздар шықты.
Байқаудың финалына өңірлердің үздік командалары өтті.
Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған Республикалық байқаудың мәресі және қатысушыларды марапаттау рәсімі 2020 жылдың 21 ақпанында М. Өтемісұлы оқушылар сарайының концерт залында өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!