"Шаттықа толы алғышқы қоңырау!" атты елордалық әкелер кеңесінің құттықтау-челленджі туралы

"Шаттықа толы алғышқы қоңырау!" атты елордалық әкелер кеңесінің құттықтау-челленджі туралы
Қай уақытта да отбасындағы әкенің орны ерекше. Әкенің көмегімен балалар  әлем, еңбек, технология жайын танып-біледі. Барлық оқушылар үшін үлкен  шаттық  сыйлайтын  Білім Күніне орай, Елордалық әкелер кеңесі мектеп оқушыларына арнап құттықтау-челленджін түсірді. Бұл құттықтауларында әкелер балаларға сәттілік, шығармашылқ табыс, жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындыруды тілеген болатын. Бұл жобаның мақсаты – оқушылардың білім алуға, мектеп өміріне, таным процесіне деген қызығушылықтарын ояту. Бұл тұрғыда әкенің қосар үлесі орасан зор. Жобаға №40 МЛ, №81 МГ, №59 МЛ, №36 ОМ, №61 ОМ, №47 МГ, №37 ОМ ата-аналары қатысып, үлкен белсенділік танытты.