Қазақстан Республикасының Конституция күні

Қазақстан Республикасының Конституция күні
2020 жылдың 30 тамызында бүкіл ел маңызды оқиғаны - ең жоғары нормативтік құқықтық акт - Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданған күннің 25 жылдығын атап өтеді. Мерейтойлық күн ең маңызды құндылық - мемлекетіміздің өркендеуін, тыныштығы мен ұлылығын бейнелейді. Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының педагогтары біздің ортақ үйіміз Қазақстанның ең көрікті жерлері бойынша фото-сапар жасаған болатын: Үлкен Алматы көлі, "Шымбұлақ" тауы, ШҚО "Толағай" тауы, "Көлсай" көлі, "Бөлектау" тауы, "Баянауыл" ұлттық паркі, "Алакөл" көлі, "Бурабай" көлі.
Жобаның мақсаты - Қазақстанның бірегей көркем жерлерін мемлекет ішіндегі әл-ауқат пен тұрақтылықтың, ұлы қазақ халқының бейбітшілігі мен келісімінің кепілі ретінде көрсету.
Еліміздің әрбір азаматы өз құқықтары мен бостандықтарын толығымен пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар өз міндеттерін адал атқаруы тиіс, сондай-ақ заңды сақтап, құрметтеген жағдайда ғана еркін өмір сүріп, болашаққа сеніммен қарай алады!