«Карантин жағдайындағы жазғы демалыс ұйымдастырудың негізгі аспектілері» атты қалалық online – семинары

«Карантин жағдайындағы жазғы демалыс ұйымдастырудың негізгі аспектілері» атты қалалық online – семинары
Жаз – балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуы мен бос уақытын өткізудің тиімділігін, шығармашылық дамуын, белсенділігін жүзеге асыратын маңызды мезгіл.

2020 жылдың 28 мамыр күні «Карантин жағдайындағы жазғы демалыс ұйымдастырудың негізгі аспектілері » атты қалалық online – семинары өтті.
Ұйымдастырушылар Білім басқармасы мен елордалық білім мекемелері. Мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласы балалары мен жасөспірімдерінің демалысы мен бос уақытын сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Семинар барысында түрлі мемлекеттік мекемелерінің мамандары жазғы демалысқа қатысты міндетті ақпараттарымен бөлісті: мемлекеттік санитарлы-эпидемиялық Сарыарқа ауданының бақылау Басқармасы, су-құтқару қазметі бекеті, жол полициясы Басқармасы және тағы басқалары. Бұл online – семинар жазғы демалыс уақытында балаларға профилактикалық шаралардың ережелерін көрсететіндігімен өте маңызды.
Image
Image
Image