Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұрсұлтан қаласы бойынша департаменті
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы.
Қатысушылар: Нұр-Сұлтан қ. білім беру ұйымдарының отбасылары
НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: отбасылық құндылықтарды насихаттау, қалыптастыру және нығайту; отбасылық қарым-қатынастарды дамыту, қазіргі заманға сәйкес жеке тұлғаны тәрбиелеу.
2021 жылдың 20 қазанында «Парасатты отбасы» атты қалалық байқаудың қорытындысы жасалды. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас Жемқорлыққа қарсы стратегиясының жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Түрлі білім беру ұйымдарынан байқауға барлығы 108-ден астам өтінімдер түсті. Байқауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық позициясы бар әр түрлі қызмет салаларында жұмыс істейтін отбасылар қатысты. Бейнетаспаға қойылатын талаптар мынадай: байқаудың тақырыбы мен мазмұнының сәйкестігі; роликтің негізгі ойының креативтігі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасу негізі.
Төрешілер алқасының құрамына қалалық деңгейдегі өкілдер кіреді: Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасы және М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы.
Ережеге сәйкес жеңімпаз отбасылар анықталды:
1 орын - №85 мектеп лицейі, Басшиевтар отбасы
2 орын - №52 мектеп гимназиясы, Нұрмановтар отбасы
3 орын - №53 мектеп лицейі, Қалықбаевтар отбасы
«Шеберлі отбасы» - №28 мектеп лицейі, Минибаевтар отбасы
«Зейінді отбасы» - №30 мектеп гимназиясы, Ермекбаевтар отбасы
«Дәстүрге берік отбасы» - №31 мектеп гимназиясы, Мусапиров отбасы
«Өнерлі отбасы» - №66 мектеп лицейі, Анияровтар отбасы
Белсене қатысқаны үшін - №75 МГ, Есентай отбасы
Қалалық деңгейді басты оқиғасы – марапаттау рәсімі болмақ.