Отан қорғаушылар күні

Отан қорғаушылар күні
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Елордалық әкелер кеңесінің қолдауымен Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Әке мен бала» атты сәндік-қолданбалы intensive өткізілді. Аталмыш іс-шараға әкелер кеңесінің белсенді мүшелері мен ер балалар қатысты. Жобаның мақсаты-балаларға өз еліне, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне деген патриоттық және мақтаныш сезімдерін ояту, рухани және адамгершілік тұрғыдан дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Intensive әскери тақырып бойынша құрылған квесттен басталды. Әкелер мен ер балалар ағашта бейнеленген суретті тоқпен күйдіру жұмыстарын жүргізді. Күйдіру жұмыстары топтық негізде жүзеге асты.

Әкелер кеңесі бастаған «Әке мен бала» атты шеберханалық жұмыстар мектепішілік әкелер кеңесі негізінде өз жалғасын табатын болады.