Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының әкелер мен ер балалар арасындағы III қалалық вокалдық "Рахмет саған, туған ел!" байқауы туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының әкелер мен ер балалар арасындағы  III қалалық вокалдық "Рахмет саған, туған ел!"  байқауы туралы ақпарат

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған білім беру ұйымдарының әкелер мен ер балалары арасында III қалалық «Рахмет саған, туған ел»  атты  патриоттық әндер байқауы өткізілмек. 2019 жылдан бастап М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен  «Елордалық әкелер кеңесі» жобасын іске асырып келеді. Жоба әкенің қоғамдағы рөлін арттыруға, білім беру ұйымдарының белсенді әкелерін түсіндіру жұмыстарына тартуға және қаланың әлеуметтік маңызды іс-шараларына қатыстыруға бағытталған. «Рахмет саған, туған ел» байқауы әр салада қызмет етіп жүрген, бірақ қоғам алдындағы міндеті бір белсенді әкелерді біріктіріп отыр. Бұл байқаудың нақты міндеттері музыкалық өнер саласындағы қатысушылар арасында талантты анықтау ғана емес, сонымен қатар бірлескен әуесқой отбасылық шығармашылықты насихаттау және отбасылық тәрбие үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көбірек әкелерді тарту болып табылады.

 2021 жылғы 3 желтоқсанда өткен іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша елорданың 44 білім беру ұйымының ішінен финалға 12 үздік Әкелер мен ұлдар ұжымы шықты. Олар: №71 МЛ, №22 МГ, №87 МГ, №29 ОМ, №52 МГ, №58 МГ, №59 МЛ, №64 МЛ, №77 МГ, №79 МЛ, №89 МЛ, №70 МЛ.

Негізгі байқауды өткізу 2021 жылғы 10 желтоқсанға жоспарланған. 
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 13 желтоқсан күні өтеді.

Қазылар алқасының құрамына еңбек сіңірген қайраткерлер, мәдениет қайраткерлері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары - ҚазҰӨУ, мемлекеттік академиялық филармония, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.