13 наурызда Ресей мәдениет және ғылым орталығында Кенесары 37 мекен жайында Масленица көңілді халықтық мерекесі өтті. Мерекеге "Пчелка" орыс ән балалар ансамблі және "Зарница"орыс және казак әндерінің Жастар ансамблі ата-аналарымен бірге белсене қатысты (көркемдік жетекшісі Наталья Иванова, Концертмейстер Родион Кузяев).
Бұл ұжымдар көптеген жылдар бойы елордада және одан тыс жерлерде халықтық мәдениеттің үлкен мерекелерінің қатысушылары болып табылатыны белгілі. Балалар қысқы Святкаларға әндер үйреніп, театрландырылған қойылымдарға, халықтық серуенге қатысады. Олар өздерінің көрермендеріне, туыстарына әндерін паш етті. Ұжымдардың қатысушылары өз өнерлерін қарттар үйінде, нашар көретін және зағип азаматтарға арналған арнайы кітапханада, елорданың көптеген мектептерінде және облыс кенттерінде көрсетті. Әрине, бұл жолы Масленица мерекесі сәтті өтті. Балалар ән айту, би билеу және халық ойындарын өткізу өнерін қуанышпен тарту етті. Ал балалардың аналары мен әжелері, халықтық Масленица дәстүріне сәйкес дастархан жайды. Үстелде түрлі-түсті құймақ пен тәттілердің түрі болды. Сондай-ақ, дәмді құймақтан қолөнер байқауы өткізіліп, жеңімпаздарға керемет кітаптар табыс етілді.