«Көңіл-күй шеберханасы» жобасы

«Көңіл-күй шеберханасы» жобасы

Мақсаты мен міндеттері: оқушылар мен ата-аналардың жағымды эмоционалдық көңіл-күйін қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ұжымшылдық, жауапкершілік пен дербестік сезімін тәрбиелеу; достық қарым-қатынасты нығайту.

Ұйымдастырушылар: М. Өтемісұлы атындағы  Оқушылар сарайы.

Қатысушылар: білім беру ұйымдарының оқушылары, ата-аналар

Өткізілу мерзімі:

1 кезең. 26-29 наурыз 2020 ж. сағат 18.00-ге дейін – фотосуреттер қабылданады. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.   электронды поштасына.

2 кезең. 30 наурыз 2020 ж. -  ұйымдастыру комитеті фотосуреттерді реттейді және М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының instagramm парақшасына жүктейтін болады. Инста-парақша: @dvoretsshkolnikov

3 кезең. 31 наурыз 2020 ж. - М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының instagramm парақшасында барлық суреттер қаралымда болады.

4 кезең.  1 апреля -  «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазын жариялау.

 

Жобаның өткізілу шарттары: 

  1. Жобаға қатысуға ниет білдірушілердің барлығы көрсетілген мерзімде өзінің күлкілі, қызықты, қайталанбас суретін немесе өзінің туған-туысқандары мен жақындарының (жеке немесе топтық) суретін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасына жіберуі қажет.
  2. Суретті міндетті қатысушылардың тегі, аты, байланыс телефонымен қоса жолдауы керек. Фотосурет көлемі: 1080*1080 px, 600*600 px

Формат: JPG , размер 500 кБ  аспауы тиіс.

  1. Фотосуреттер 2020 ж. 31 наурыз күні жүктеліп, сағат 12.00-18.00 аралығында қаралымда болады.
  2. Халықтық дауыс беру (яғни «лайк» санына байланыста) бойынша үздік болған фотосурет ұйымдастыру комитеті атынан естелік сыйлыққа ие болады!
  3. "Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша жеңімпазды анықтау қорытындысы 2020 жылдың 1 сәуірінде жарияланады.