ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «КӨКТЕМ СИМФОНИЯСЫ» БАЛЫНЫҢ АҚПАРАТЫ
2025 жылдың 4 наурызында сағат 16:00-де Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Көктем симфониясы» балы өткізіледі.
Дәстүрге айналған бұл балдың мақсаты - президенттер мен мектеп парламентінің мүшелерін эстетикалық және адамгершілік құндылықтарға, сондай-ақ қоғамдағы мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу.
Бал ұйымдастырушылары: Астана қаласы Білім басқармасы, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.
Мектепішілік және студенттер Парламентінің көшбасшылары "Көктем симфониясы" балында қамқорлық пен сүйіспеншілік үшін аналарына алғыстарын, ризашылықтарын білдірЕді.
Балдың көркі болатын Х FACTOR байқауының 7 маусымының жеңімпазы, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының түлегі - Биржанова Дильнура ана туралы әсем әнін орындайды.
Бағдарламаның басты оқиғасы мереклік бал қатысушыларының аналарымен және ұстаздарымен бірге орындайтын әсем вальс биі.