«Инклюзивті кеңістікте білім беру қызметін ұйымдастыру» атты семинар-практикум ақпараты

«Инклюзивті кеңістікте білім беру қызметін ұйымдастыру» атты  семинар-практикум ақпараты

 

2022 жылдың 15 ақпанында балалар жетістігінің шеберханасы - Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен елорданың қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Инклюзивті кеңістікте білім беру қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының көп салалы қосымша білім беру қызметінде инклюзивті білім беру тәсілінің орны ерекше. Бүгінгі таңда шығармашылық бірлестіктерде (бейнелеу өнері, қолданбалы шығармашылық, адаптивті театр, ағылшын тілі, вокал, хореография) және спорт секцияларында (адаптивті жүзу, йога) 274  ерекше білім беру қажеттіліктілігі бар оқушылар айналысады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру кеңістігіне қосу  арқылы педагогтар  өздерінің бірегей жұмыс тәжірибесін көрсетті: көру қабілеті бұзылған балаларға арналған бейнелеу өнер студиясы,  ағылшын тілі және жеңіл ақыл есі кем  балаларға арналған қолданбалы өнер, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған бейімделген жүзу. "Лим-по-по" шоу-театры мейірімділіктің нағыз мерекесін ұйымдастырды, онда №2 арнайы мектептің балалары жақсы көңіл күйге бөленіп, шынайы қуаныш алды.

          Бұл белсенді және қайырымды іс-әрекеттің арқасында біз инклюзияны назардан тыс қалдырмау керек екенін тағы бір мәрте түсіндік. Ментальді даму ерекшеліктері бар мүгедек балалардың үйлесімді өмір сүруі үшін олардың мұқтаждықтарын өте мұқият тыңдап, осы балалардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін білу және түсіну қажет.

Семинар қатысушылары Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы  инклюзия саласында маңызды, сауатты жұмысты атқарып жүргендігіне куә болып, тәжірибе алмасты.