2021 жылдың 9 сәуір күні М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Ғарыш күнінің 60-жылдығына орай "Ғажайып ғарыш" атты шығармашылық онлайн-кездесу өтті. Адамзат алғаш ғарышты бағындырған күнді жыл сайын Ғарыш күні ретінде атап өтеді. Кездесудің мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, ғарышты зерттеуге және космонавтика тарихына деген қызығушылығын ояту; патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелеу. Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласының 70-тен астам білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. Кездесудің арнайы қонақтары: жазушы, журналист "Тұңғыш қазақ ғарышкері" кітабының авторы - Талғат Сүйінбай, "Ақкөл" РБҒО АҚ ғарыш байланыс орталығының ұшуды басқару бөлімінің жетекшісі - Азаев Б.Б., «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамының» Кеңістіктік деректер департаменті Ауыл шаруашылығы өндірісінің мониторингі басқармасы Өсімдік шаруашылығы мониторингі бөлімінің бастығы - Танат Н.Б., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің "Ғарыш техникасы және технология" кафедрасының магистрі - Жумагалиева А.Б.
Кездесудің қатысушылары Қазақстандағы ғарыш өнеркәсібінің өсу қарқынын, болашаққа арналған орасан зор жоспарларды, қазақстандық ғарышкерлердің әлемдік ғарыш өнеркәсібіне қосқан үлесін, ғарыш саласының арнайы оқу орындарына түсу кезіндегі негізгі сәттерді талқылады.
Кездесудің қорытындысы ретінде спикерлер шақырылған қонақтарға елордалық білім беру ұйымдарының оқушыларының алдын ала дайындаған түрлі тақырыптық сұрақтарын қойды. Болашақ ғарышкерлерді келесі сұрақтар қызықтырды: "Ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында қандай дайындық пен сынақтан өтеді?", "Жарық жылдамдығын қалай жеңуге болады?", "Біздің галактиканың ортасында не орналасқан?", "2030 жылы айға қала салу жоспарланған ба?", "Неліктен миллиардерлер ғарышқа инвестиция құяды?" және тағы басқа.
Кездесу жоғары деңгейде өтті және қатысушылар жақсы әсер алды.