Өтетін мерзімі: 2020 жыл 6 шілде
Өтетін жері: М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ресми сайты, ютуб каналы
6 шілде Нұр-Сұлтан қаласының үлкен-кіші тұрғындар, жас өнерпаздары үшін үлкен мереке, елорда күні. Жас бүлдіршіндер бұл қызықты бағдарламалар мен ән-биге толы осы мерекені асыға күтеді. Биыл елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына 23 жыл толады. Осыған орай, Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері өздерінің ізгі тілек құттықтауларын би арқылы білдірді.
2020 жылдың 6 шілде елорда күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленуші жас бишілері құттықтау флешмобын жолдады. Бейнероликке түсірілген флешмобқа «Алтын дән», «Алтынай», «Бәйтерек» және «Эдельвейс» би ансамбльдерінің тәрбиеленушілері қатысты. Осы флешмоб арқылы жас өнерпаздар өз қаласына бейбіт аспан, жарқын өмір сыйлайтын бақыт пен береке тіледі. Бейнеролик Сарайдың ресми сайты мен ютуб каналына, сонымен қатар әлеуметтік желілердің парақшаларына жүктелді.
НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Жас ұрпақтың бойына елжандылық, патриоттық сезімдерді дарыту;
- Тәрбиеленушілердің бойындағы өнер әлеміне деген қызығушылықтарын ояту;
- Балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал ету.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.
Қатысушылар: Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері