«Күз бояулары» атты art-инсталляция

«Күз бояулары» атты art-инсталляция

2020 жылдың 23 қарашасында «Күз бояулары» атты  art-инсталляциясы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өтті.

Байқаудың  мақсаты: балалар суреттері мен қөлөнер жұмыстарын насихаттау; балалар шығармашылығы мен бастамаларын дамыту,жас дарындарды  қолөнер және сурет саласында анықтау,оларды ынталандыру және кең ауқымды аудиторияға ең жақсы жұмыстарды насихаттау.

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының көрмеге белсене қатысқан үйірмелер тәрбиеленушілері: «Кілем тоқу», «Ағашпен жону», «Қағаз қиялдары», «Артишок», «Кисть художника», «Цветные ладошки», «Вдохновение» «Сиқырлы бояулар әлемінде» сурет студиялары, «Дизайн», «Моншақпен тоқу» үйірмелері 70- тен астам шығармашылық жұмыстарын ұсынды..

«Күз бояулары» атты art-инсталляциясына  қатысқан тәрбиеленушілер Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының дипломымен  марапатталды.