Алғыс айту күні аясында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы Әкелер кеңесінің «Жылы жүрек» атты қайырымдылық акциясы туралы АҚПАРАТ

Алғыс айту күні аясында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы Әкелер кеңесінің «Жылы жүрек» атты қайырымдылық акциясы туралы АҚПАРАТ

2022 жылдың 1 наурыз күні «Алғыс айту күні» аясында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының Әкелер кеңесі «Жылы жүрек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Аталмыш акцияға әкелер кеңесінің мүшелері мен ерікті жандар белсенді қатысты.

         Қайырымдылық шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, көмек қолын созу. Әкелер кеңесі көмекке мұқтаж отбасыларды анықтады. Осы отбасыларғаазық-түлек себеті, балаларға арналған сыйлықтар мен ақшалай сертификат табыс етілді.

         Әкелер кеңесі жалғызбасты көпбалалы әкелерге қолдау танытты. Тағдыр тәлкегіне тап болып, жан-жары қайтыс болған әкелер бүгінгі күнде бес баланы бір өздері асырап отыр. Акция қатысушылары кішкентай бүлдіршіндер мен олардың асқар тау әкелеріне жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

Image