2021 жылдың 14 мамыр күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Елордалық әкелер кеңесінің белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.
Елордалық әкелер кеңесі жобасының мақсаты – әкенің қоғамдағы рөлін арттыру мен білім беру ұйымдарының белсенді әкелерін әлеуметтік маңызды іс-шараларға тарту.
2019 жылдың қыркүйек айында Білім басқармасының қолдауымен Елордалық әкелер кеңесі құрылған болатын. Осы аралықта 200-ден астам мектепішілік деңгейінен бастап республикалық маңызы бар деңгейге дейінгі акциялар, байқаулар, кездесулер мен челлендждер секілді жобалар жоспарланды және жүзеге асырылды.
2021 жылдың 20 ақпанында Елордалық әкелер кеңесінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Құрдастары арасындағы «Ел тағдыры – ер тағдыры» video – stories жобасы жүзеге асты. «Ел тағдыры – ер тағдыры» жобасының мақсаты – қоғамдық пайдалы шаралар бойынша шығармашылық шыңдауды таныту арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға және халықты азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған бірыңғай мәдени-ақпараттық қалалық кеңістікті қалыптастыру.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесі ретінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Елордалық әкелер кеңесінің мүшелері мадақтау грамотасымен аталып өтті. Марапаттау рәсімінің бағдарламасында әкелер кеңесінің мүшелері, «Рахмет саған, туған ел» әкелер мен ер балалар арасындағы қалалық патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары «Astana English School» №81 гимназиясының вокалдық тобы, №59 мектеп-лицейінің оқушысы Хамзин Адиль және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының «Эдельвейс» би студиясы мен тәрбиеленушілерден құралған Панковтар отбасы өнер көрсетті.
Кеңес әкелерінің атынан құттықтау сөзі мен жобаны қолдау туралы өз ойын №6 гимназиясының әкелер кеңесінің мүшесі Искаков Н.И. мен №75 мектеп-гимназиясының әкелер кеңесінің төрағасы Жакупов А.Б. білдірді.