2020 жылдың 11 ақпан күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты поэзиялық кеш өткізілді.
Аталмыш кешке Нұр-Сұлтан қаласы білім мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары көрермен ретінде қатысты. Сонымен қатар, әдеби поэзиялық кештің арнайы қонақтары ретінде Сарыарқа ауданы «Ардагерлер кеңесінің» мүшелері мен қалалық «Әжелер» вокалдық ансамблінің мүшелері де болды.
Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің 3 курс «Театр және кино актеры» мамандығының студенттерінен құралған профессор Ақыш Омар Қоңыртайұлының шығармашылық щеберханасының жас әртістерімен бірлесе отыра, осы қойылымды жас көрермен қауымына ұсынды. Жас әртістерден құралған шеберхана әртістері тағылымы мол туындыны тарту үшін үлкен жауапкершілікпен күрделі дайындық өткізді.
Бұл қойылым Абай Құнанбайұлының шығармашылығының құндылығын танытып, өскелең ұрпақты сөз өнерін бағалауға, әдебиет әлеміне деген қызығушылықтарын оятуға ықпал етті. Қойылымның негізгі арқауы Абайдың қара сөздері мен әйгілі өлең жолдары болды. Әдеби-музыкалық композицияның ұзақтығы 50 минутты құрады.
НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығын кеңінен дәріптеу.
- Жастар қауымының Абай шығармашылығын ұғыну деңгейін айқындау.
- Оқушыларды әдебиет өнерін жоғары бағалауға баулып, театр саласына деген қызығушылықтарын ояту.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.
Қатысушылар: Нұр-Сұлтан қаласы білім мекемелерінің оқушылары.