«Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022»
«Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022»
Республикалық қашықтық байқауының қалалық кезеңінің марапаттау рәсімі туралы
АҚПАРАТ
2022 жылдың 9 қарашасында М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022» Республикалық қашықтық байқауының қалалық кезеңінің марапаттау рәсімі өткізілді. Байқау 2022 жылдың 3 қарашасында өткізілген, байқауға 30 білім беру ұйымы қатысты.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту ісінің министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, «Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты».
Байқаудың негізгі мақсаты: отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту, білім беру ұйымдары мен ата-аналар комитеттерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзара іс-қимылының үздік тәжірибелерін анықтау үшін жағдай жасау; Ата-аналар мен балаларға шығармашылық әуелетін арттыруға жәрдемдесу; мұғалімдер, ата-аналар және балалар арасында сенімді және достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
Төрешілер алқасының құрамында «Интегративті және отбасылық психология институты», «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы, «Сontent media» агенттігінің өкілдері болды. Мерекелік іс-шарада М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының шыңармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Марапаттау рәсімі барысында байқауда жеңіске жеткен №66мектеп лицейі мен №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің бейнероликтері көрсетілді.
Қалалық кезеңінің байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
«Үздік ата-аналар комитеті-2022» номинациясы бойынша:
I орын – №66МЛ
II орын – №3МГ, №86МГ
III орын – №8МЛ, №51МГ, №6гимназия,
Белсене қатысқандары үшін: №5Г,СШ№16, №18ОМ, №37МЛ, №40МЛ, №48МЛ, №55ОМ, №92МЛ,№94мектеп.
«Үздік Қамқоршылар Кеңесі-2022» номинациясы бойынша:
I орын –№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі
II орын –№81«Astana English School» мамандандырылған гимназиясы, №2МГ
III орын –№67 гимназия , №16ОМ,
Белсене қатысқандары үшін: №4МГ, №23ОМ, №44ОМ, №59 МЛ, №74МГ, №76МЛ, №83МГ, №89МЛ, №94мектеп.
Қалалық кезеңінің жеңімпаздары 2022 жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында Республикалық қашықтықтан өтетін байқауға жолдама алды.