«Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022»

     

«Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022»  Республикалық қашықтық байқауының қалалық кезеңі туралы АҚПАРАТ.

  2022 жылдың 7 қазаныңда  «Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022»  Республикалық қашықтық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту,

білім беру ұйымдары мен ата-аналар комитеттерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзара іс-қимылының үздік тәжірибелерін анықтау үшін жағдай жасау; Ата-аналар мен балаларға шығармашылық әуелетін арттыруға жәрдемдесу; мұғалімдер, ата-аналар және балалар арасында сенімді және достық қарым-қатынасты қалыптастыру;

Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты.

Астана қаласы бойынша Білім беру ұйымдарынан 30 өтініш келіп түсті: №2МГ,№3МГ,№4МГ,№5Г,№6Г,№8МЛ,№16ОМ,№18ОМ,№23ОМ,№З7МЛ,№40МЛ,№44ОМ,№48МЛ,№51МГ,№55ОМ,№59МЛ,№66МЛ,№67Г,№74МГ,№76МЛ,№81 Astana English school,№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №83МГ,№86МГ,№89МЛ,№92МЛ,№94мектеп.

Байқау ережесінің талаптарына сәйкес «Біздің комитет Кеңес – балалар игілігі үшін» бейне визиткасында 2-3 минут көлемінде (жетістіктер, өткізілетін және іске асырылатын жобалар, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы ақпаратты,сондай-ақ Комитеттің/кеңестің құрамын) қамту қажет.Қатысушылар екі номинация бойынша бағаланды:«Үздік ата-аналар комитеті-2022»; «Үздік Қамқоршылар Кеңесі-2022». Төрешілер алқасының құрамында  «Интегративті және отбасылық психология институты», «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы, «Сontent media»  агенттігінің өкілдері болды.

Қалалықкезеңінің байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

«Үздік ата-аналар комитеті-2022» номинациясы бойынша:

I орын – №66МЛ

II орын – №3МГ,  №86МГ

III орын – №8МЛ, №51МГ, №6гимназия,

Белсене қатысқандары үшін: №5Г, №18ОМ, №37МЛ, №40МЛ, №48МЛ, №55ОМ, №92МЛ, ; 94 мектеп.

«Үздік Қамқоршылар Кеңесі-2022» номинациясы бойынша:

I орын –№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

II орын –№81«Astana English School» мамандандырылған гимназиясы, №2МГ

III орын –№67 гимназия , №16ОМ,

 

Белсене қатысқандары үшін: №4МГ, №23ОМ, №44ОМ, №59 МЛ, 74МГ, №76МЛ, №83МГ, №89МЛ, №94мектеп.

Қалалық кезеңге қатысқан білім ұйымдары ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен марапатталады.

Қалалық кезең жеңімпаздары 2022 жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында Республикалыққашықтықтан өтетінбайқауға қатысады.