«КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ...» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Көңілдің асыл пернесі...» атты халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық өкілдері, мәдениет және өнер өкілдері, белгілі қазақстандық орындаушылар қатысты.
«Көңілдің асыл пернесі...» жобасы..."2015 жылдан бастап Тұңғыш Президент кітапханасы Нұрсұлтан Назарбаев қорымен және Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымымен бірлесіп іске асырылуда. Кейіннен байқауды Халықаралық Түркі академиясы мен Астана қаласының әкімдігі қолдады. 2020 жылдан бастап байқау халықаралық мәртебеге ие болды.
Байқауды іске асыру кезеңінде оған 3,5 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері қатысты. Биыл конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен және шетелдердің 6 елінен 136 өтінім келіп түсті. Байқауға Ресей, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Индонезиядан қатысушылары өз өнерлерімен сайысқа түсті.
Биылғы жылы жарысқа 12 жастан 14 жасқа дейінгі және 15 жастан 17 жасқа дейінгі екі жас санатындағы жалпы білім беретін мектептердің жеке орындаушылары мен вокалдық ұжымдық топтары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:
«Әсем әнім сырнайдай...» номинациясы бойынша (12-14 жас)
3 орын – Второва Эмилия, Зарипов Амир, Татарстан (Ресей);
2 орын – Гамбаршвили Нелико, Грузия.
«Қасиетті домбыра» номинациясы бойынша (12-14 жас)
3 орын – Махин Айдос, Қарағанды облысы;
2 орын – Пауеденов Дияс, БҚО;
1 орын – «Жас екпін» триосы, Астана қаласы;
«Бабамнан қалған кең дала» номинациясы бойынша (15-17 жас)
3 орын - Ермекова Гульназ, Астана қаласы;
2 орын - Белоусько Валерия, Павлодар облысы;
1 орын - Исағұлова Раушан, Астана қаласы.
«Бабамнан қалған кең дала» номинациясы бойынша (12-14 жас)
3 орын – Алиайдарова Аида, Асылбек Аяужан, Астана қаласы;
2 орын - Юденич Анна, Алматы қаласы ;
2 орын – Мэліс Диас, Астана қаласы ;
1 орын – Шмулько Валерия, Павлодар облысы;
1 орын - Амантай Айғаным, Астана қаласы;
Гран-при - Азат Нұрасыл, Астана қаласы.
Арнайы номинациялар бойынша жүлдегерлер: «Әнімді саған арнаймын» - Росс Елизавета, Қарағанды облысы, «Ән – көңілдің ажары» - Сабитқызы Томирис, Алматы қаласы; «Қазақ халқының асыл мұрасын насихаттаушы» - Бақдәулет Алмат, Қызылорда облысы; «Әнім саған туған ел» - Исатай Амира, Павлодар облысы; «Сегіз қырлы бір сырлы» - Серикханов Ақжол, Астана қаласы; «Талаптыға нұр жауар» - Байназаров Абылайхан, Қарағанды облысы; «Әнді сүйсең менше сүй» - Тауыпалдиев Дастанбек, Өзбекстан; «Өнерлінің өрісі кең» - «Кербез» вокалдық триосы, Астана қаласы; «Көрермен көзайымы» - Кунадилова Адель, Астана қаласы.