Хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК Мекен-жай: Ә.Мәмбетов көшесі 1 үй

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 324926

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы әдіскер лауазымына конкурс жариялайды (1,0 стака, еңбекақысы 113000 -239332  теңге аралығында).

Лауазымдық нұсқаулық:

Білім беру мекемесінің әдіскері келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:

  1. әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бағыты бойынша басшылықты жүзеге асырады;

2.педагогтерді бағыт бойынша әдістемелік сүйемелдеуді және оларды іске асыру кезектілігін ұйымдастырады;

  1. бұқаралық іс-шаралар сценарийінің жобаларын әзірлейді;
  2. волонтер-білім алушылармен бос уақыт қызметін (бұқаралық іс-шаралар өткізуді) ұйымдастырады;
  3. іс-шараларды өткізу шеңберінде қала мектептерінің уақытылы ақпарат алу мәселелерін үйлестіреді;
  4. сарайдың бұқаралық іс-шараларын мерзімді басылымдарда, Мұрағат құжаттамасының арнайы әдебиеттерінде ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  5. әр түрлі деңгейдегі бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
  6. өз бағыты бойынша қызмет деңгейін талдауды және диагностикалауды жүзеге асырады;
  7. педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдай жасау бойынша ұсыныстар енгізеді;
  8. педагогтерді нормативтік-құқықтық сипаттағы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, оның ішінде білім беру мекемесі әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін мәліметке жеткізеді;
  9. әрбір жазатайым оқиға туралы білім беру мекемесінің әкімшілігіне жедел хабарлайды;
  10. білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;
  11. белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
  12. педагогтың қоғамдық жағдайына сәйкес білім беру мекемелерінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 7 жыл, педагог-шебер үшін – 8 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ;

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік .

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

     Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Құжаттар 2022 жылдың 19 мен 27 қыркүйек аралығында қабылданады.