Хабарландыру
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК Мекен-жай: Ә.Мәмбетов көшесі 1 үй
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Байланыс телефоны: 324926
Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы әдіскер лауазымына конкурс жариялайды (1,0 стака, еңбекақысы 139000 теңге).
Лауазымдық нұсқаулық:
Білім беру мекемесінің әдіскері келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:
- көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша басшылықты жүзеге асырады;
2.педагогтерді бағыт бойынша әдістемелік сүйемелдеуді және оларды іске асыру кезектілігін ұйымдастырады;
- жексенбілік мектептердің қызметіне жетекшілік етеді және бақылайды;
- жексенбілік мектептердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жинақтауды үйлестіреді;
- бағыт бойынша қызмет мәніне кіретін мәселелер бойынша инновациялық жобалардың, іс-шаралардың ережелерін және басқа да қажетті құжаттарды әзірлейді;
- түрлі деңгейдегі бұқаралық іс-шараларды өткізуді үйлестіреді;
- түрлі деңгейдегі бұқаралық іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
- әр түрлі деңгейдегі бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
- көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша қызмет деңгейін талдауды және диагностикалауды жүзеге асырады;
- әлеуметтік желілерде рейтингті көтеру үшін сарай қызметін насихаттауды ұйымдастырады;
- педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдай жасау бойынша ұсыныстар енгізеді;
- педагогтерді нормативтік-құқықтық сипаттағы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, оның ішінде білім беру мекемесі әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін мәліметке жеткізеді;
- әрбір жазатайым оқиға туралы білім беру мекемесінің әкімшілігіне жедел хабарлайды;
- білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;
- белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;
- педагогтың қоғамдық жағдайына сәйкес білім беру мекемелерінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттар 2022 жылдың 03 мен 10 мамыр аралығында қабылданады.