«Жазғы шығармашылық мектебі-2022»
Кез-келген адамның жылдың ең сүйікті мезгілі – Жаз айы. Әрине, барлық балалар жазды жақсы көреді, дәл осы уақытта олардың ең ұзақ демалысы басталады. Алайда, ата-аналарды көбінесе балалардың демалысын қалай дұрыс ұйымдастыруға болатындығы туралы ой толғандырады.
М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының 2022 жылғы Жазғы шығармашылық мектебінің басты мақсаты - жаз уақытында балаларды сауықтыру, балалар
мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту жүйесін сақтау, тұрақтандыру және одан әрі дамыту, балаларды шығармашылық бірлестіктерге ұйымдасқан түрде жұмысқа орналастыру қажеттілігін барынша қанағаттандыру.
Жазғы демалысты ұйымдастыруда әлеуеті, тәжірибесі жеткілікті «Жазғы шығармашылық мектебі» әр балаға мүмкіндіктер ашады.
Жазғы демалысты ұйымдастыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- ойын-сауық
- тәрбиелікжәнеэстетикалық
- спорт жәнедемалыс
2022 жылдың жазғы демалысында Жазғы шығармашылық мектебінде 6-12 жас аралығындағы 270 бала демалды. Бірінші маусымда – 137 бала, екінші маусымда – 133 бала. Жазғы шығармашылық мектебінің оқушылары арасында «Ақниет» қайырымдылық қорының қолдауымен демалған әлеуметтік осал санаттағы, көп балалы жанұядан шыққан , мүмкіндігі шектеулі балалар болды.
Жазғы шығармашылық мектебінің ерекшелігі – жазғы уақытта балалардың үздіксіз білім алуы. Белсенді демалыс барысында Жазғы шығармашылық мектебінің балалары актерлік және хореографиялық, вокалдық және көркем өнерді меңгеріп, спорттық үйірмелерде денсаулықтарын шыңдады. Оның ішінде: «Sportlandia», «Fanny English», «Дарвинч», қолданбалы өнер үйірмесі, «Музыкалық стартАрт» вокалдық өнері, «IT әлемінде» компьютерлік сауаттылық, шахмат секциясы, «Жүзу» сабақтары. «және т.б.
Жазғы шығармашылық мектебіндегі тәрбие мен білім беру курсы да түрлі конкурстық бағдарламалар мен тақырыптық шараларды ұйымдастыру болып табылады. «Кальмарлар», «Фикстер көмекке барады», «Мульфестивал», «Видеоклип» фестивалі сияқты ойын-сауық бағдарламаларында балалар топтасып, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік алады. Жазғы шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілерін қосымша білім берудің кәсіби мамандары – Оқушылар сарайының педагогтері, ал тәлімгер ретінде – арнайы дайындалған, тәлімгерлік шеберліктің курстарынан алдын-ала өткен және педагогика бойынша теориялық білімі бар Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің студенттері болды.