Шаттықа толы алғышқы қоңырау!» атты елордалық әкелер кеңесінің құттықтау-челленджі туралы

Қай уақытта да отбасындағы әкенің орны ерекше. Әкенің көмегімен балалар  әлем, еңбек, технология жайын танып-біледі. Барлық оқушылар үшін үлкен  шаттық  сыйлайтын  Білім Күніне орай, Елордалық әкелер кеңесі мектеп оқушыларына арнап құттықтау-челленджін түсірді. Бұл құттықтауларында әкелер балаларға сәттілік, шығармашылқ табыс, жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындыруды тілеген болатын. Бұл жобаның мақсаты – оқушылардың білім алуға, мектеп өміріне, таным процесіне деген қызығушылықтарын ояту. Бұл тұрғыда әкенің қосар үлесі орасан зор. Жобаға №40 МЛ, №81 МГ, №59 МЛ, №36 ОМ, №61 ОМ, №47 МГ, №37 ОМ ата-аналары қатысып, үлкен белсенділік танытты.

Қазақстан Республикасының Конституция күні

2020 жылдың 30 тамызында бүкіл ел маңызды оқиғаны - ең жоғары нормативтік құқықтық акт - Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданған күннің 25 жылдығын атап өтеді. Мерейтойлық күн ең маңызды құндылық - мемлекетіміздің өркендеуін, тыныштығы мен ұлылығын бейнелейді. Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының педагогтары біздің ортақ үйіміз Қазақстанның ең көрікті жерлері бойынша фото-сапар жасаған болатын: Үлкен Алматы көлі, "Шымбұлақ" тауы, ШҚО "Толағай" тауы, "Көлсай" көлі, "Бөлектау" тауы, "Баянауыл" ұлттық паркі, "Алакөл" көлі, "Бурабай" көлі.
Жобаның мақсаты - Қазақстанның бірегей көркем жерлерін мемлекет ішіндегі әл-ауқат пен тұрақтылықтың, ұлы қазақ халқының бейбітшілігі мен келісімінің кепілі ретінде көрсету.
Еліміздің әрбір азаматы өз құқықтары мен бостандықтарын толығымен пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар өз міндеттерін адал атқаруы тиіс, сондай-ақ заңды сақтап, құрметтеген жағдайда ғана еркін өмір сүріп, болашаққа сеніммен қарай алады!

Елорда күніне орай ұйымдастырылған «Шуақты қала» флешмобы

Өтетін  мерзімі: 2020 жыл  6 шілде 

Өтетін жері: М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ресми сайты, ютуб каналы

6 шілде Нұр-Сұлтан қаласының үлкен-кіші тұрғындар, жас өнерпаздары үшін үлкен мереке, елорда күні. Жас бүлдіршіндер бұл қызықты бағдарламалар мен ән-биге толы осы мерекені асыға күтеді.  Биыл елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына 23 жыл толады. Осыған орай, Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері өздерінің ізгі тілек құттықтауларын би арқылы білдірді.

2020 жылдың 6 шілде  елорда күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленуші жас бишілері құттықтау флешмобын жолдады.  Бейнероликке түсірілген флешмобқа «Алтын дән», «Алтынай», «Бәйтерек» және «Эдельвейс» би ансамбльдерінің тәрбиеленушілері қатысты. Осы флешмоб арқылы жас өнерпаздар өз қаласына бейбіт аспан, жарқын өмір сыйлайтын бақыт пен береке тіледі.  Бейнеролик Сарайдың ресми сайты мен ютуб каналына, сонымен қатар әлеуметтік желілердің парақшаларына жүктелді. 

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • Жас ұрпақтың бойына елжандылық, патриоттық сезімдерді дарыту;
  • Тәрбиеленушілердің бойындағы өнер әлеміне деген қызығушылықтарын ояту;
  • Балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал ету.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы  Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.

Қатысушылар:  Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері

«Жаздың энергиясы» атты асфальтта суреттер салу онлайн байқауы

2020жылдың 26 маусымында нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне орай, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, «Жаздың энергиясы» атты асфальтта суреттер салу онлайн байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында есірткі және психотроптық заттардың таралуы мен қолданылуына теріс қатынасты қалыптастыру, салауатты және қауіпсіз өмір салтын және олардың денсаулығына құндылықты көзқарастарын қалыптастыру болды.
Байқауға қатысушылар ең көңілді эмоциялар:күн сәулелері, кемпірқосақ, дұрыс тамақтану суреттерін және «Біз - спорттық отбасымыз!», «Спорт және мен!», «Мен велоспортты таңдаймын!» атты суреттерін салып, өз ұрандарын суреттері арқылы айқын көрсетті. Әр қатысушы дипломмен ал байқау жеңімпаздары сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.
І орын - Ерболатұлы Батырхан, 9 жас
ІІ орын - Набоков Глеб, 10жас
ІІІ орын - Суфьянов Давид, 8жас

«Біздің ауданда...» атты он-лайн фотоквест туралы

2020 жылдың маусым айының 17 жұлдызында М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы «Біздің ауданда...» атты танымдық он-лайн квесті ұйымдастырды. Бұл дистанциялық жобаның мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, туған қаласының тарихымен танысу арқылы, өз туған жеріне сүйісреншілікті тәрбиелеу. Іс-шараға "Сарыарқа", "Байқоңыр", "Алматы", "Есіл" командалары болып қаланың әр аудандарынан қатысты. Әр команда үшін өз ауданының көрікті жерлерінен тапқырлықты білуге арналған тапсырмалар ұсынылды. Барлық қатысушылар шығармашылық сынақтардан өтіп, өз ауданының көрікті табиғатың немесе өз ауласының әсем жерлерінің фотоматериалдарын ұсыну ең креативті тапсырманың шарықтау шегі болып табылды. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жобасына белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

#ns_bilim_holiday

 

«Балалық шақтың жарқын бояуы» атты суреттер челленджі

2020 жылдың 1 маусым күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балалық шақтың жарқын бояуы» атты суреттер челленджі өткізілді. Барлығы 30-дан артық суреттер жолданды. Ең жарқын сурет авторлары таңдалып, оларға интервью түрінде балалық шақ, бақыт жайында шағын сұрақтар қойылды. Осы челлендж қорытындысында әзірленген бейнеролик Сарайымыздың әлеуметтік желілеріне және ресми сайтына салынған болатын.
Аталмыш челленджге Сарайымыздың тәрбиеленушілері қатысып, төмендегі тақырыптап бойынша өз суреттерін жолдады:
• «Денсаулық»,
• «Бақыт»,
• «Достық»,
• «Отбасы»,
• «Балалық шақ»,
• «Әлем балалары»
Барлық фестиваль қатысушылары Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының арнайы дипломдарымен марапатталды.

«Балалық шақ көзқарасындағы Әлем» атты челленджі

1 маусым – жаздың бірінші күні, балалардың асыға күтетін мерекесі Дүниежүзілік балаларды қорғау күні. Бұл күні Елорданың жас тұрғындары үшін қашықтықтан көптеген жобалар мен мерекелер өтті. Солардың бірі «Балалық шақ көзқарасындағы Әлем» атты челленджі.
«Лим-по-по» театрының жас актерлері жыл мезгілінің барлық ұлдары мен қыздары үшін сиқырлы жаз туралы ең жақсы өлеңдерін жатқа оқыды.
«Юность Астаны», «Звездный час», «Еркетай» студияның тәрбиеленушілері флешмоб қатысушылары болды. Өздерінің ең жарқын және сүйікті фотосуреттерінде күлімсіреу арқылы және бақытты көздерімен айналадағыларға тамаша көңіл-күйін сыйлауға тырысты. Жобаға барлығы 70-тен астам жас қатысушылар қатысты.

#ns_bilim_9maya_

No item found!

#ns_bilim_1maya

No item found!

Менің виртуалды альбомым

2020 жылдың 15 мамырында «Менің Виртуалды Альбомым» атты қашықтықтағы жоба аяқталды. 45 астам отбасы қатысты. М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының  оқытушылары және   оқушылар мен ата-аналар бірігіп, біздерге тарих беттерінде виртуалды альбомға ұмытылмас із қалдырды. Бұл іс-шара «Біз біргеміз!» идеясын қолдау мақсатында жоспарланған.

Сағындырған Шатыққа арнау

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының әр түрлі үйірмелеріне қатысатын ұл-қыздар үшін шығармашылық байқаулар мен жобаларға қатысу өз өнерлері мен қабілеттерін шыңдаудың басты жолы. Шығармашылық ұжымның ұйымшылдығының және "педагог-тәрбиеленуші-ата-ана" үштігінің бірлігі арқасында үлкен еңбек нәтижесі көрініп, жеңістер мен жүлделерге қол жеткізуге болады.

Осыған орай , Сараймыздың атын асқақтатып, "Эдельвейс" үлгілі заманауи би студиясы ЮНЕСКО қолдауымен өткен халықаралық онлайн байқауынан 1 орын иеленді. Ұжым жетекшісі Гиорбелидзе Екатерина Николаевна.

Сонымен қатар, "Звездный час" эстрадалық вокал студиясының солисттері халықаралық "We are the champion" қашықтықтан өткен байқауға қатысып, 1 деңгейлі лауреат атанды. Ұжым жетекшісі Алексеенко Татьяна Владимировна.

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұжымы жас дарындарды халықаралық деңгейдегі осы жеңістерімен шын жүректен құттықтайды.
Видеовыставка. Педагог: Руденко Светлана Васильевна.
Бумажные фантазии

"Алтынай" ансамбілінің #бізбіргеміз акциясы

Қымбатты достар, ұлдар мен қыздар және олардың ата-аналары!!! Құрметті әріптестер, қосымша білім беру педагогтары!!!

Біз сіздерді бір ортақ отбасы болып «Біз біргеміз!» халықтық идеясы аясында жүзеге асып отырған «Менің виртуалды альбомым» жобасына қатысуға шақырамыз!!!

Жобаға қатысу үшін:
  • бір ең үздік әрі жоғары сапалы отбасылық фотосуретті таңдау қажет;
  • суретте сіздің отбасы тегі жазылып тұруы қажет;
  • ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына фотоңызды жіберуіңіз керек dvorecutemisova@mail.ru
  • Фотосуреттер 2020 жылдың 10-11 мамыр аралығында қабылданады.
Жоба қатысушыларының фотосуреттері Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ресми сайтында жарияланатын болады.

«Көңіл-күй шеберханасы» жобасы

Мақсаты мен міндеттері: оқушылар мен ата-аналардың жағымды эмоционалдық көңіл-күйін қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ұжымшылдық, жауапкершілік пен дербестік сезімін тәрбиелеу; достық қарым-қатынасты нығайту.

Ұйымдастырушылар: М. Өтемісұлы атындағы  Оқушылар сарайы.

Қатысушылар: білім беру ұйымдарының оқушылары, ата-аналар

Өткізілу мерзімі:

1 кезең. 26-29 наурыз 2020 ж. сағат 18.00-ге дейін – фотосуреттер қабылданады. dvorecutemisova@mail.ru   электронды поштасына.

2 кезең. 30 наурыз 2020 ж. -  ұйымдастыру комитеті фотосуреттерді реттейді және М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының instagramm парақшасына жүктейтін болады. Инста-парақша: @dvoretsshkolnikov

3 кезең. 31 наурыз 2020 ж. - М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының instagramm парақшасында барлық суреттер қаралымда болады.

4 кезең.  1 апреля -  «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазын жариялау.

 

Жобаның өткізілу шарттары: 

  1. Жобаға қатысуға ниет білдірушілердің барлығы көрсетілген мерзімде өзінің күлкілі, қызықты, қайталанбас суретін немесе өзінің туған-туысқандары мен жақындарының (жеке немесе топтық) суретін dvorecutemisova@mail.ru поштасына жіберуі қажет.
  2. Суретті міндетті қатысушылардың тегі, аты, байланыс телефонымен қоса жолдауы керек. Фотосурет көлемі: 1080*1080 px, 600*600 px

Формат: JPG , размер 500 кБ  аспауы тиіс.

  1. Фотосуреттер 2020 ж. 31 наурыз күні жүктеліп, сағат 12.00-18.00 аралығында қаралымда болады.
  2. Халықтық дауыс беру (яғни «лайк» санына байланыста) бойынша үздік болған фотосурет ұйымдастыру комитеті атынан естелік сыйлыққа ие болады!
  3. "Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша жеңімпазды анықтау қорытындысы 2020 жылдың 1 сәуірінде жарияланады.

Қорытынды

2020 жылдың 1 сәуір әзіл күніне орай М. Өтемісұлы ат. Оқушылар
сарайы "Көңіл-күй шеберханасы" атты қашықтық жобасының қорытындысы
шағарылды. 
Жобаның басты мақсаты оқушылар мен ата-аналардың көтеріңкі көңіл-
күйін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, әзілге деген
мәдениетті қалыптастыру. 
Қатысу үшін ең қызықты, күлкілі, ерекше суретті жолдау керек
болатын. Қабылданған суреттер Сарайымыздың ресмт instagram
парақшасына жүктелді . Фотосуреттер қаралымға шығып, барлығына бірдей
уақытта дауыс жинауға мүмкіндік берілді. Жобаға барлығы 60тан аса
қатысушылар өз суреттерін ұсынды. Халықтық дауыс беру нәтижесінде үздік
фото иелері анықталды: Жамшитов Аділет, 449 лайк. Сәл ғана
айырмашылықпен үздік фотосурет иелері Шмитбергер Лиана (418 лайк) мен
Сайлау Камила (334 лайк) атанды. Жоба жеңімпаздарын шын жүректен
құттықтаймыз!
Image

Челлендж #ӨзіңненБаста #ЖауаптыБол

М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері "Үйде бол" әлемдік акциясына қосыла отыра, адамдардың денсаулығын сақтап жүрген дәрігерлерді қолдап бір апта үйде болуды шешті.
Елорданың жас азаматтары көпшілік қауымды үйде болып, себепсіз сыртқа шықпауға үгіттеді.
Бұл үндеуді балалар видеочеллендж арқылы әлеуметтік желілерге #ӨзіңненБаста #ЖауаптыБол хэштегтерімен жолдады.

Қазақстан халқының бірлігі Күніне орай ұйымдастырылған «Халықтар достығы – ел бірлігі» атты мультимедиялық презентациялар бойынша қашықтықтан өтетін байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезім, ұлтаралық сыйластық сезімін қалыптастыру;
- Қазақстанның және туған өлкенің мәдени-тарихи құндылықтарын зерттеу,этносаралық және мәдени тәрбиенің дамуына ықпал жасау.
- Тәрбиеленушілердің осы мереке жайлы және оның Қазақстандағы орны жайлы түсініктерін бекіту.

Байқау қатысушылары:
«Халықтар достығы – ел бірлігі» атты қашықтықтан өтетін мультимедиялық презентациялар байқауына «Менің Отаным -Қазақстан», «Қазақстан халқы» тақырыбындағы жұмыстар қабылданады. Бұл қашықтықтан өтетін байқауға М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері қатыса алады.
Байқауға қатысушылардың барлығы арнайы дипломдарға ие болады және байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.

Байқаудың өткізілу мерзімі:

Жұмыстар қабылдануы: 2020 жылдың 15 сәуірінен 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін (соңғы күнді қоса алғанда)

Байқау қорытындысы: 30 сәуір 2020 жыл

Жұмыстарға қойылатын талаптар: байқау жұмысы презентация түрінде орындалуы тиіс. Байқауға ұсынылатын презентация PowerPoint форматында, 7-10 слайдтан құралған мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы керек. Презентация авторлық болуы міндетті, ғаламтордан жүктелген жұмыстар қабылданбайды және бағаланбайды. Бірінші слайдта автордың тегі, аты, білім мекемесі жазылуы тиіс.
Байқау тақырыптары: «Отан және бірлік», «Болашақ үшін тарихты біл», «Ер есімі ел есінде», «Қазақстан тарихындағы мерейлі күн», «Менің Қазақстаным – менің махаббатым».

Бағалау критериялары:
Жұмыстың байқау тақырыбына сай келуі;
Жұмыстың сапасы мен орындау эстетикасы;
Тақырыпты аша білу ерекшелігі;
Идеяның өзектілігі

«Әз Наурыз!» атты М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының Challenge-құттықтауы

Керемет көктем мейрамы Наурыз мерекесіне орай "Біз біргеміз" акциясы аясында М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы Қазақстан халқына деген он-лайн құттықтауын жолдады.
Құттықтау тілектері біздің Отанымыз бір шаңырақ астына жинап, тату-тәтті бейбіт аспан астындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің тілдерінде жолданды. Сан түрлі сынақ тұрса да Қазақстан халқы өзінің бірлігі мен достығының арқасында барлығына төтеп бере алатынын осы құттықтаумен тағы бір дәлел етті.

"Family art" қашықтық отбасылық театр фестивалі

Ереже

Қымбатты әріптестер !
Оқу демалысы кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Family art" қашықтық отбасылық театр фестиваліне белсене қатысуға шақырамыз!

? Қатысу үшін:
1. Үй жағдайындағы театр құрылымын ойластыру ( миниатюра, әзіл-сықақ көрінісі, қуыршақ және саусақ театры тағы сол сияқты.)
2. Бейнероликке түсіру ?
3. Дайын болған бейнероликті dvorecutemisova@mail.ru  электронды поштасына жіберу керек

Бейнероликтер 22-25 наурыз аралығында қабылданады. 26 наурыз күні - барлық роликтер Сарайымыздың ютуб каналында жарық көріп, сіздердің жанкүйерлеріңізден лайк жинайтын болады ??

27 наурыз күні - фестиваль нәтижесі қорытындыланады. ?
Ең белсенді отбасылық театрлар М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының арнайы дипломымен марапатталатын болады.

*Ең көп лайк ?жинаған отбасы ғана ұйымдастыру комитетінің естелік сыйлығына ие болады *?‼‼‼

«Family art» отбасылық қашықтық театр фестивалінің қорытындысы

2020 жылдың 26-27 наурыз күндері Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Халықаралық театр күніне орай «Family art» отбасылық қашықтық театр фестивалі өткізілді. Фестиваль «Көктем – ғажайып мезгілі» тақырыбында онлайн режимде Сарайымыздың ютуб каналы желісі арқылы өткен болатын. Фестивальға білім мекемелерінің оқушылары және ата-аналары қатысты.

Фестиваль миниатюра, этюд, әзіл-сықақ қойылымдары, көріністен үзінді, қуыршақ және саусақ театры, әдеби-музыкалық композиция бағыттарын қамтыды. Барлығы 74 бейнематериал іріктелініп, 26 наурыз күні Сарайымыздың ресми ютуб каналына жүктелді. 27 наурыз Халықаралық театр күні Фестиваль қорытындысы халықтық дауыс беру нәтижесінде анықталды.

Барлық фестиваль қатысушылары Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының арнайы дипломдарымен марапатталды. Ал ең көп дауыс жинаған Мылтықбай отбасы ұйымдастыру комитетінің естелік сыйлығына ие болды. Кішкентай бүлдіршіндердің әзіл-сықақ қойылымы 1354 лайк жинап, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша жеңіске жетті.