Тәлімгер лауазымына конкурс жариялаймыз

Хабарландыру

Астана қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК Мекен-жай: Ә.Мәмбетов көшесі 1 үй

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 324926

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Кеңес ауылдық округі, Малый Барап ауылы мекенжайы бойынша орналасқан балаларға арналған спорттық сауықтыру орталығына аға тәлімгер лауазымына конкурс жариялайды. Еңбекақысы біліктілік санатына байланысты 129258 - 277400  теңге аралығында. 

Аға тәлімгердің лауазымдық міндеттері:

- лагердегі отрядтарда ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;

- лагердегі отрядтарда атмосфераны бақылап және қадағалайды;

- жанжал туындау жағдайларын анықтайды және алдын  алады, балалармен жұмыс кезінде жалпы қабылданған моральдық құндылықтар мен принциптерді ұстанады;

- балалардың ой өрісін кеңейту үшін жағдай жасайды;

- тәрбиеленушілердің азаматтық және адамгершілік ұстанымын көрсетуге жағдай жасайды, - өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға көмектеседі;

- балаларды бос уақытын тиімді өткізуге бағыттайды.

- аға тәлімгер өзіне сеніп тапсырылған балалар тобының өмірі мен денсаулығы үшін тәулік бойы жеке және  заң аясында жауапкершілікте болады.

-күтпеген жағдайлар болған жағдайда лагерь бастығын дереу хабардар етеді.

- белгіленген құжаттаманы жүргізеді.

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын

қамтамасыз етеді.

                       

Біліктілікке қойылатын талаптар:

            тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

            біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

            біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

     9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

     

 

Құжаттар 2024 жылдың 11  мен 19 қыркүйек  аралығында қабылданады.