Көркемдік жетекші лауазымына конкурс жариялаймыз
Хабарландыру
Астана қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК Мекен-жайы: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Кеңес ауылдық округі, Кіші Барап ауылы, демалыс аймағы, 1-Құрылыс, Кіші Барап ауылы мекен-жайында орналасқан
балаларға арналған спорттық-сауықтыру орталығы
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Байланыс телефоны: 324926
Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы көркемдік жетекші лауазымына конкурс жариялайды. Еңбекақы 150000 теңге.
Лауазымдық міндеттері:
театр ұжымының (музыкалық, хор, хореографиялық) жұмысын басқарады;
ұйымның ұйымдастыру-шығармашылық іс-шараларын өткізуге қатысады; спектакль қойылымдарын, концерттік, музыкалық және би бағдарламаларын жүзеге асырады;
репертуар, орындаушылар құрамын таңдайды, олармен топтық және жеке дайындықтар өткізеді;
нөмірді орындауды жетілдіруді, орындау шеберлігін арттыруды қамтамасыз етеді;
жұмысқа шығармашылық қызметкерлер мен ұжымдарды, қоғамдық ұйымдарды, көркемөнерпаздар ұжымдарын тартады;
ұйымның әдістемелік кабинетінің жұмысына, тақырыптық кештер, сахналандырылған мерекелер, көпшілік іс-шараларды дайындау жұмысына қатысады, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жетекшілеріне көмектеседі;
дайындықтардың, қойылымдардың есебін жүргізеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық (музыкалық) немесе тиісті бейін бойынша немесе педагогикалық (музыкалық) қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік (тиісті бейін) білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде қағаз түрінде жолдайды:
1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау туралы қағиданың 3- қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
11) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау туралы қағиданың 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Құжаттар 2025 жылдың сәуір айының 25 мен мамыр айының 6 аралығында қабылданады.