Әдістемелік бөлім меңгерушісі лауазымына конкурс жариялаймыз

            Хабарландыру

Астана қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК Мекен-жай: Ә.Мәмбетов көшесі 1 үй

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 324926

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы әдістемелік бөлім меңгерушісі лауазымына конкурс жариялайды. Еңбекақы 300000 теңге.

 Лауазымдық міндеттері:

бөлімнің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

бөлімнің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды, жұмысының сапасы мен тиімділігіне жауап береді;

бөлім қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, басымдықтарын және оларды іске асырудың реттілігін айқындайды,  дамуын болжайды;

сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, балалардың ұжымдық бос уақытының ойын нысандарын әзірлеуге және құрастыруға қатысады;

            бөлім қызметінің  мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен ұсыныстарды, бөлімнің болашақ жұмыс жоспарларын, мәдени-білім беру іс-шараларының ережелерін және басқа да қажетті құжаттарды дайындайды;

өткізілетін іс-шараларды көркем безендіруге, музыкалық сүйемелдеуге қатысады;

            түрлі деңгейдегі бұқаралық іс-шараларды өткізуді үйлестіреді;

түрлі деңгейдегі бұқаралық іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыруды үйлестіреді;

            білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;

            еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

           кәсіби біліктілігін арттырады;

            ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;

            әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық қоғамдастықтардың қызметіне қатысады.

бөлім қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін, нормативтік құжаттарды, білім беру мекемесі директорының бұйрықтары мен өкімдерін тиісінше орындауын, Бөлім жұмысының болашақ жоспарларының, мәдени-білім беру бағдарламаларының орындалуын талдайды және бақылайды, бөлім қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді;

бөлім қызметкерлерін нормативтік-құқықтық сипаттағы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, оның ішінде білім беру мекемесі әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін өз қызметкерлерінің назарына жеткізеді;

белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді; білім беру мекемесінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтің қоғамдық

жағдайына сәйкес мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтайды.

 

        Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе техникалық және кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі-5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде  қағаз түрінде жолдайды:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау туралы қағиданың 3- қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

11) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау туралы қағиданың 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

 

Құжаттар 2025 жылдың 21  мен 29 сәуір  аралығында қабылданады.