Әдіскер лауазымына конкурс жариялаймыз
Хабарландыру
Астана қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК
Мекен-жай: Ә.Мәмбетов көшесі 1 үй
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Байланыс телефоны: 324926
Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы әдіскер лауазымына конкурс жариялайды (2 ставка, еңбекақысы біліміне, біліктілік санатына байланысты 113000 -239332 теңге аралығында).
Лауазымдық міндеттері:
Білім беру мекемесінің әдіскері келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:
- әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бағыты бойынша басшылықты жүзеге асырады;
 
2.педагогтерді бағыт бойынша әдістемелік сүйемелдеуді және оларды іске асыру кезектілігін ұйымдастырады;
- бұқаралық іс-шаралар сценарийінің жобаларын әзірлейді;
 - волонтер-білім алушылармен бос уақыт қызметін (бұқаралық іс-шаралар өткізуді) ұйымдастырады;
 - іс-шараларды өткізу шеңберінде қала мектептерінің уақытылы ақпарат алу мәселелерін үйлестіреді;
 - сарайдың бұқаралық іс-шараларын мерзімді басылымдарда, Мұрағат құжаттамасының арнайы әдебиеттерінде ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
 - әр түрлі деңгейдегі бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
 - өз бағыты бойынша қызмет деңгейін талдауды және диагностикалауды жүзеге асырады;
 - педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдай жасау бойынша ұсыныстар енгізеді;
 - педагогтерді нормативтік-құқықтық сипаттағы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, оның ішінде білім беру мекемесі әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін мәліметке жеткізеді;
 - әрбір жазатайым оқиға туралы білім беру мекемесінің әкімшілігіне жедел хабарлайды;
 - білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;
 - белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
 - педагогтың қоғамдық жағдайына сәйкес білім беру мекемелерінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтайды.
 
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 7 жыл, педагог-шебер үшін – 8 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Құжаттар 2024 жылдың 23 қыркүйегі мен 01 қазан аралығында қабылданады.

