Дене шынықтыру нұсқаушысы лауазымына конкурс жариялаймыз

    Хабарландыру

Астана қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК Мекен-жайы: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Кеңес ауылдық округі, Кіші Барап ауылы, демалыс аймағы, 1-Құрылыс, Кіші Барап ауылы мекен-жайында орналасқан

балаларға арналған спорттық-сауықтыру орталығы

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 324926

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы дене шынықтыру нұсқаушысы лауазымына конкурс жариялайды. Еңбекақы 180000 теңге.

 Лауазымдық міндеттері:

       дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы дене тәрбиесінің бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді;

      балалардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттері мен мазмұнын анықтайды;

      білім алушыларды, тәрбиеленушілерді дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын меңгеруге оқытады, олардың адамгершілік-ерік қасиеттерін қалыптастырады;

      дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді;

      санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалап отырады;

      медицина қызметкерлерімен бірге балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемелерін реттейді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауап береді;

      салауатты өмір салтын насихаттайды;

      тәрбиешілермен, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс істейді;

      белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;

      бағдарламаға сәйкес сабақ өткізеді;

      санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізеді;

      белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.

 

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім немесе тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде  қағаз түрінде жолдайды:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау туралы қағиданың 3- қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

11) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау туралы қағиданың 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

 

Құжаттар 2025 жылдың сәуір айының 25  мен мамыр айының 6  аралығында қабылданады.