Жетекшісі: Сатаева Гаухар
Мақсаты: ансамбльдік және жеке ойнау дағдыларын дамыту, балалардың рухани мәдениетін байыту.
Оқу міндеттері: ойнау кезінде ән айту дағдыларын дамыту,балаларда фортепиано музыкасының жоғары көркемдік үлгілерімен, қарым-қатынас қажеттілігін қалыптастыру; орындаушының шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік міндеттері: музыка сабағына деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті дамыту;музыкалық талғамын дамыту; бастаған жұмысты соңына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Даму: фортепианода ойнау кезінде техникалық дағдыларды дамыту;музыкалық ойлауды, есте сақтауды, сөйлеуді, есту қабілетін дамыту;эмоционалды жауаптылықты, шығармашылық белсенділікті дамыту.
Оқыту әр баламен 30 минут ішінде қазақ және орыс тілдерінде жеке жүргізіледі. Балалар тыңдаудан кейін үйірмеге жазыла алады.Фортепиано - бүкіл әлемде танылған ең ерекше және таңғажайып аспап. Фортепианода естілген әуендер жанға терең еніп, мәңгі қалады. Бұл аспаптың дыбыстық палитрасының барлық сұлулығын, әсемдігі мен алуан түрлілігін сипаттау мүмкін емес, ол тек естіледі.
Мектептегі музыкалық білім біртұтас білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.Музыканы оқу барысында оқушылардың ойлау қабілеті дами түседі.Олар ойнау дағдыларын игереді, белгілі бір музыкалық қойылымдарды жинақтайды. Осының негізінде музыкаға деген сүйіспеншілік, оны тыңдаудан эстетикалық ләззат сезімі қалыптасып, музыкалық талғам элементтері дамиды.Баланы музыка өнері арқылы тәрбиелеу және балалардың бойында бар музыкалық қабілеттерді анағұрлым толық дамытуға ұмтылу, сонымен қатар тәрбиеленушілердің музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге арналған дайын бағдарламалардың болмауы үйірме бағдарламасын жасауды қажет етті.
Үйірмеге 6 мен 18 жас аралығындағы жиырмаға жуық бала қатысады.
Қосымша ақпарат
- Айлық құны (теңге): 7 400
- Телефон: +7 701 300 68 64
- Аудитория: 130
- Сабақ кестесі:
ПН | ВТ | СР | ЧТ | ПТ | СБ | ВС |
---|---|---|---|---|---|---|
09.00-13.00
14.00-18.30 | — | — | — | 09.00-13.00
14.00-18.30 | — | — |